Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды

Жаңалықтар

Теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды




18-05-2026

Қазақстан темір жолы алаңында теміржол вокзалдарын жаңғыртуды үйлестіру және жеделдету жөніндегі жедел штаб құрылды. Оның құрамына жергілікті атқарушы органдардың, техникалық және авторлық қадағалаудың, мердігерлік ұйымдардың және компанияның бейіндік бөлімшелерінің өкілдері кірді. 

Қазақстанда 120 астам теміржол вокзалын жаңғырту жалғасуда. Нысандардың бір бөлігі жаңғыртудың соңғы кезеңіне өтіп жатыр. Мысалы, еліміздің бес өңіріндегі 20 вокзалда құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жедел штаб әкімшілік кедергілерді алып тастауға, қабылдау-тапсыруды келісу рәсімдерін жеделдетуге, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру үшін барлық ұйымдастырушылық мәселелердің уақтылы шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі