Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Теміржол өткелдерінде локомотив бригадалары кәсібилігінің арқасында жыл басынан бері 30 ЖКО-ның алдын алды




02-07-2026

2026 жылдың басынан бастап Қазақстанның теміржол өткелдерінде 20 жол-көлік оқиғасы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 жағдайға аз.

Оқиғалардың жалпы санынан жеке кірме теміржол жолдарында 14 жағдайға жол берілді, бұл өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді, тағы 6 жағдай магистральдық теміржол жолдарында 2025 жылдың ұқсас кезеңіндегі 12 жағдайға қарағанда аз. 

Барлық оқиғалардың негізгі себебі бұрынғыдай бағдаршам жанып тұрып, жүруге тыйым салатын жол белгілерінің талаптарын елемейтін және жақындап келе жатқан пойыздың алдында теміржол өткелдеріне шығатын автокөлік құралдарының жүргізушілерінің Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін бұзуы болып отыр. 

Жеке кірме жолдардағы ЖКО - ның ең көп саны Ақмола өңірінде - 4, Маңғыстау өңірінде - 3, Атырау және Алматы өңірлерінде - 2, Семей, Жамбыл және Қостанай өңірлерінде-бір жағдайдан тіркелді.

Магистральдық теміржол жолдарында екі ЖКО Қарағанды және Семей өңірлерінде, бірінен соң бірі Алматы және Қостанай өңірлерінде орын алды.

Оқиғалардың санын азайтумен қатар авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда. Локомотив бригадаларының уақтылы іс-қимылры мен кәсібилігінің арқасында есепті кезеңде теміржол өткелдерінде 30 ЖКО-ның алдын алу мүмкін болды. Алдын алған оқиғалардың ең көп саны Жамбыл өңірінде - 13 жағдай, Ақмола өңірінде - 5, Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында - 3, Шымкент облысында - 2 және Қызылорда облыстарында - 1 жағдай тіркелді.

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ жүргізушілерді теміржол өткелдерінен өту кезінде жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Оқыс тежеу пойызды бірден тоқтатуға мүмкіндік бермейді, сондықтан ережелерді бұзу ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік жол қозғалысының әрбір қатысушысының тәртібі мен жауапкершілігіне байланысты.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі