Теміртауда теміржол жолаушылар платформасы жаңғыртылды
10-07-2026
Теміртау станциясындағы теміржол жолаушылар платформасын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Жұмыстар барысында платформаға іргелес аумақ толық абаттандырылды: жолаушылар жүретін жолдар мен кіреберістерге тас төсем төселіп, заманауи аялдама павильондары, орындықтар, қоқыс жәшіктері, шағын сәулет нысандары және жарықтандыру жүйелері орнатылды.
Теміртау станциясынан Құлайғыр және Ақадыр бағыттарына төрт қала маңы пойызы қатынайды.
Жаңғырту жұмыстары жолаушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, пойызға отыру және түсу үдерісін жақсартуға, сондай-ақ станцияның сәулеттік келбетін жаңартуға мүмкіндік берді. Жобаны іске асыру Мемлекет басшысы мен Үкіметтің теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі