Темір жолдың екі учаскесінде жаңа автоблоктау объектілері пайдалануға берілді

Жаңалықтар

Темір жолдың екі учаскесінде жаңа автоблоктау объектілері пайдалануға берілді




29-07-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның инфрақұрылымдық жобалары шеңберінде екі аралықты автоблоктау жүйесіне қосу бойынша жұмыстар аяқталды.

Қандыағаш – Тобыл учаскесінде автоблоктау жүйесіне ұзындығы 15 км № 2 разъезд – Никельтау аралығы қосылды.

Қызылжар – Сексеуіл учаскесінде автоблоктау жүйесіне ұзындығы 28 км болатын № 8 разъезд – Қоскөл аралығы жалғанды. Сонымен қатар жаңа разъезд пайдалануға берілді.   

Жаңа объектілерді іске қосу пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, учаскелердің өткізу қабілетін күшейтуге және тасымалдау процесін неғұрлым тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі