Темір жолдағы қауіпсіздік бойынша ҚТЖ акциясына 150 бала қатысты
07-08-2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Қауіпсіз темір жол» акциясын іске асыру шеңберінде Алматы қаласындағы емдеу-сауықтыру кешенінде теміржолшылар отбасыларынан шыққан балаларға арналған профилактикалық бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысты 150 бала. Оларға түсінікті түрде теміржол инфрақұрылымы объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы еске салынды, сондай-ақ темір жолдарының жанында болу кезіндегі негізгі сақтық шаралары түсіндірілді.
Мұндай іс-шараларды өткізу өскелең ұрпақтың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және теміржол көлігі объектілерінде жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Жақын арада Бурабай кентіндегі балалардың сауықтыру лагерінде профилактикалық бейнероликтер көрсетілген осындай акция өтеді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі