Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ стандартты пойыз құрамдарына 17 қосымша тіркемелі вагон енгізді

Жаңалықтар

Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ стандартты пойыз құрамдарына 17 қосымша тіркемелі вагон енгізді




06-01-2026

Тас жолдардың жабылуына байланысты ҚТЖ жолаушылардың қозғалыс мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша шараларды қабылдауда.

Бұған дейін іске қосылған қала маңындағы электр пойыздарымен қатар, компания стандартты пойыздарда жолаушыларды отырғызуды ұйымдастырады. Теміржол көлігінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында төмендегі алыс бағыттағы пойыздардың құрамына 17 қосымша тіркемелі вагон енгізілді:
 

  • № 45 «Түркістан – Павлодар»;
  • № 4 «Астана – Алматы»;
  • № 47 «Астана – Атырау»;
  • № 323 «Астана – Петропавл»;
  • № 139 «Павлодар – Пресногорьковская».
     

ҚТЖ жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі