Тарифтік келісімге қатысушы – ТМД елдері теміржол әкімшіліктерінің тарифтік конференциясы өтті
06-11-2026
Ташкентте 2026 жылғы Тарифтік саясат істері басқармасы ретінде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС тарифтік саясат департаментінің төрағалығымен өткен Тарифтік келісімге қатысушы – ТМД елдері теміржол әкімшіліктерінің (теміржолдарының) XXXV Тарифтік Конференциясы өтті.
Конференцияға Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан теміржол әкімшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы – елдер теміржол көлігі жөніндегі кеңесінің дирекциялары қатысты.
Қатысушылар халықаралық жүк тасымалы кезінде тарифтік шарттарды қолдану бойынша теміржол әкімшіліктерінің ұсыныстарын қарап, тарифтік реттеудің практикалық мәселелерін талқылады және тәжірибе алмасты.
Тарифтік Конференция қорытындысы бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2027 фрахталық жылға арналған халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдауға арналған тарифтік саясаты қабылданды. 2027 жылға арналған тарифтік саясат істерін басқару функциялары Қазақстан Республикасының теміржол әкімшілігіне жүктелген.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі