Солтүстік Қазақстан облысында үш теміржол вокзалын жаңғырту аяқталуда
14-05-2026
Солтүстік Қазақстан облысындағы Жаңаесіл, Тайынша және Саумалкөл станцияларының үш теміржол вокзалында жаңғырту аяқталуда. Нысандардың дайындығы 92% - тен 98% - ке дейін.
Жаңаесіл станциясында ауданы 570 ш. м. болатын вокзал қайта жаңартылды. Бұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары, аумақты және перронды абаттандыру толық аяқталып, жиһаз бен технологиялық жабдықтар орнатылды. Нысанның дайындығы – 98%.
Саумалкөл станциясында ауданы 200 шаршы метрден асатын вокзалды жаңарту аяқталуда. Негізгі құрылыс жұмыстары орындалды, нысанды жарақтандыру аяқталып келеді. Дайындық 92% құрайды.
Тайынша станциясында ауданы 440 шаршы метрден асатын вокзалды жаңғырту жалғасуда. Ғимарат, перрон және іргелес аумақ бойынша жұмыстар аяқталды, технологиялық жабдықтар орнатылуда. Дайындық – 98%.
Жаңғырту шеңберінде вокзалдар заманауи күту залдарымен, жаңартылған санитарлық аймақтармен және ыңғайлы навигация жүйесімен жабдықталады. Мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі