Сианьнан шыққан халықаралық туристік пойызбен Алматыға 60-қа жуық турист келді
04-07-2026
Алматыға Қазақстан мен Қытай арасындағы туристік теміржол қатынасын дамыту аясында ұйымдастырылған Сиань (ҚХР) – Алматы бағыты бойынша халықаралық туристік пойыз келді. Пойыз құрамында Қытайдың түрлі өңірлерінен 60-қа жуық турист келді.
Пойыз Сиань қаласынан 29 маусымда жолға шығып, мемлекеттік шекараны Қорғас станциясы арқылы кесіп өтті. Қазақстан аумағында жолаушылар сапарын «Жолаушылар тасымалы» АҚ жасақтаған пойыз құрамында жалғастырды. Қозғалыс ыңғайлылығы үшін маршруттың ерекшеліктері мен халықаралық қатынаспен түйісуін ескеретін арнайы кесте әзірленді.
Алматыда бірнеше күн болатын туристер қаланың мәдени және туристік әлеуетімен танысып, негізгі көрікті жерлерін аралап, экскурсиялық бағдарламаға қатысады.
Туристік пойыздың Алматыдан кері жөнелтілуі 6 шілдеге жоспарланған. Бұдан кейін туристер Қорғас станциясы арқылы Қытайға қайтады.
Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және туристік ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып, теміржол туризмін дамытуға және Қазақстанды туристік бағыт ретінде ілгерілетуге бағытталған негізгі бастамалардың бірі болып табылады.
В течение нескольких дней пребывания в Алматы туристы познакомятся с культурным и туристическим потенциалом города, посетят его основные достопримечательности и примут участие в экскурсионной программе.
Обратное отправление туристического поезда из Алматы запланировано на 6 июля. После этого туристы проследуют через станцию Хоргос обратно в Китай.
Этот проект стал важным шагом в укреплении культурных связей и развитии туристического сотрудничества между Казахстаном и Китаем. Он реализован по поручению Главы государства и входит в число ключевых инициатив, направленных на развитие железнодорожного туризма и продвижение Казахстана как туристического направления.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі