Семейде жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге темір жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы ескертілді
08-07-2026
Семей станциясында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және темір жол көлігі нысандарында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыруға бағытталған «Қауіпсіз темір жол» республикалық алдын алу акциясы өтті.
Іс-шара «Жансая» базары ауданында және Семей-Сол Ертіс аралығының 656-шақырымында орналасқан теміржол өткелінде өтті. Акцияға Абай облысы көлік прокуратурасының, желілік полиция бөлімінің өкілдері, теміржол көлігі қызметкерлері қатысты.
Акция барысында қатысушылар жүргізушілермен және жаяу жүргіншілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, темір жолдар мен өткелдерден өту кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды. Жол белгілерінің, бағдаршамдар мен дыбыстық сигнал беру сигналдарының талаптарын сақтауға, сондай-ақ жолдардың тек белгіленген жерлерден өтуіне ерекше назар аударылды.
Ақпараттық жадынамаларды Семейдің 278 тұрғыны мен 123 автокөлік жүргізушісі алды.
Теміржолшылар өткелдер мен жолдарда қауіпсіздік ережелерін бұзу қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салады. Жол қозғалысы ережесiнiң талаптарын сақтау және темiр жолды кесiп өту кезiндегi қырағылық өмiр мен денсаулықты сақтаудың аса маңызды шарттары болып қала бередi.
«Қауіпсіз темір жол» акциясы Қазақстанның барлық өңірлерінде өтіп жатыр және теміржол инфрақұрылымы нысандарындағы бұзушылықтар санын азайтуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі