Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады




30-09-2026

«Құрық порты» ЖШС-ге Chang'an China-Europe және China-Central Asia жүк пойыздарының ресми операторы – Xi'an Free Trade Port Construction & Operation Co., Ltd.  (ҚХР) өкілдері келді..

Кездесу барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын  дамытуды, контейнерлік тасымалдау көлемін ұлғайтуды және ұзақ мерзімді ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Жүктерді ауыстырып тиеу тиімділігін арттыруға, логистикалық процестерді оңтайландыруға және Каспий өңірі арқылы халықаралық жүк ағындарын кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және жаңа бірлескен логистикалық жобаларды іске асыруға мүдделілігін растады.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі