Құрметті әріптестер, қадірлі теміржолшылар!

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер, қадірлі теміржолшылар!




20-03-2026

Сіздерді жаңару мен жасампаздықтың ұлы мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Мыңдаған мүшесі бар ұжымымыз үшін бұл жарқын мейрам әрқашан мызғымас бірліктің, өзара құрмет пен ортақ ісіміз үшін терең жауапкершіліктің символы  және болып та қала береді. Теміржол – бұл ел экономикасының болат омытқасы және кез-келген қиындықты жеңуге мүмкіндік беретін сіздердің бірліктеріңіз.

Жанқиярлық еңбектеріңіз, ерекше кәсібиліктеріңіз және теміржолшылар ұрпағы дәстүрлеріне адалдықтарыңыз болашақты құрудың  іргетасы болып табылады. Сіздердің арқаларыңызда біз ауқымды стратегиялық жобаларды табысты іске асырып, халықаралық ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтудеміз және туған Қазақстанымыздың қуаты мен өркендеуіне баға жетпес үлес қосудамыз.

Осы көктемгі мереке күндері сіздерге және отбасыларыңызға сарқылмас жасампаздық қуат, зор денсаулық және рухани жылулық тілеймін. Әр үй бақытқа толы болсын, ал отбасыларыңызда әрқашан бейбітшілік пен амандық орнасын!

Наурыз мерекесімен! Ақ мол болсын!

Құрметпен,

Басқарма Төрағасы
Талғат Алдыбергенов

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі