Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

ҚР мен ҚХР шекаралық темір жолдарының 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс кеңесі өтті
 




30-07-2026

Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Қытай темір жолдары «Үрімші темір жолы»  ЖШҚ делегациясы арасында жұмыс кеңесі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы 2026 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылау және жүк тасымалдаудың жылдық жоспарын орындау үшін тиімді шаралар әзірлеу болды. 

Тараптар 2026 жылдың 6 айында ҚР мен ҚХР арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 18 662 мың тоннаны құрағанын атап өтті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% артық, оның ішінде ҚР-дан ҚХР-ға 11 702 мың тонна тасымалданды, өсім 2025 жылға қарағанда 9,5% өсімді  құрады, ал ҚХР-дан ҚР-ға 6 960 мың тонна тасымалданды, өсім 2025 жылға қарағанда 8,7%.

 Сондай-ақ, бірінші жартыжылдықта ҚХР мен ҚР шекаралық темір жолдары арқылы 1 085 мың ЖФБ контейнер тасымалданғаны атап өтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,6% артық; оның ішінде Қазақстан арқылы транзитпен – 741,8 мың ЖФБ (2025 жылға қарағанда өсім 10,4%).

Тараптар екі ел шекара станциялары ұжымдарының өзара іс-қимылының жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті және оларға атқарылған жұмысы мен қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. 

Тараптар Орталық Азия елдері мен Иран Ислам Республикасы бағытында, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту шеңберінде жүк ағыны көлемінің айтарлықтай өсуіне тұрақты үрдісті атап өтті. 

Осы динамиканы қолдау үшін кездесуге қатысушылар үздіксіз логистикалық сервисті қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Қазақстан тарапы көрші мемлекеттер тарапынан Қытай Халық Республикасынан мұнай құю жүктерінің импортына сұраныс өсіп келе жатқаны туралы хабардар етті және осы бағыттың стратегиялық маңыздылығын ескере отырып, ай сайын 90 мың тоннаға дейін мұнай құю жүктерін қабылдауға және өңдеуге дайын екендігін растады, бұл ретте Қытай тарапы осы тасымалдарды қолдауға және құйма жүктерін тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту үшін шекара маңы инфрақұрылымының технологиялық мүмкіндіктерін бірлесіп зерделеуге дайын екендігін білдірді.

2024-2025 жылдары «Нұрлы жол» және «Бір белдеу – бір жол» бағдарламаларын ұштастыру шеңберінде шекаралық станциялардың қызметкерлері үшін бірлескен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізудің табысты тәжірибесі атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша III бірлескен Кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы шешім қабылданды. 

Кеңес достық және сындарлы атмосферада өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар шекара өткелдерінің өткізу қабілетін ұлғайту жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру және жылдық жоспар бойынша артта қалушылықты толтыру үшін пойыздар қозғалысының кестелерін үндестіру туралы уағдаласты.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Үрімші темір жолы» ЖШҚ теміржол тасымалы саласындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға бейілділігін қуаттады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі