Пойызда қандай заттарды алып жүруге болмайды?
24-07-2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға теміржол көлігінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізбесін еске салады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қауіпті немесе алып жүруге тыйым салынған заттарды тасымалдауға әрекет жасау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Пойызға мінер алдында барлық жолаушылар теміржол вокзалдарында міндетті тексеруден өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ірі теміржол вокзалдарында рентген-телевизиялық тексеру қондырғылары, стационарлық және қол металл іздегіштері, сондай-ақ, портативті детекторлар орнатылған. Сонымен қатар бейнебақылау, күзет және дабыл беру жүйелері жұмыс істейді. Полиция қызметкерлері мен күзет қызметі тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін арттыру мақсатында пойыздарға кезең-кезеңімен бейнебақылау жүйесі енгізілуде. Қазіргі уақытта компанияның 1 100 жолаушылар вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оның ішінде 550 «Тальго» вагоны және 550 стандартты жолаушылар вагоны бар. Бейнежазбалар Жағдаяттық орталыққа келіп түседі. Онда мамандар тәулік бойы жедел мониторинг жүргізіп, штаттан тыс жағдайларды талдайды және қажет болған жағдайда жедел әрекет ету шараларын қабылдайды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және сапарлардың жайлы әрі қауіпсіз өтуіне бағытталған қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі