Пойыз жолсерігі қандай міндеттерді атқарады
03-07-2026
Теміржол көлігімен сапарға шыққан әрбір жолаушыны пойызға мінген сәттен бастап жолсерік қарсы алады. Көпшілік жолсеріктің жұмысын билетті тексеру және төсек-орын жабдықтарын таратумен ғана байланыстырады. Алайда іс жүзінде оның қызметі әлдеқайда ауқымды. Сапар бойы жолсерік жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, вагонның санитариялық және техникалық жай-күйін қадағалайды, қызмет көрсету сапасына жауап береді әрі кез келген төтенше жағдайда жедел әрекет етеді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына, Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жолсерік бірқатар маңызды міндеттерді орындайды.
Жолаушыларды қарсы алу және отырғызу
Пойыз жөнелтілгенге дейін жолсерік:
Жолаушыларды ақпараттандыру
Пойыз жолға шыққаннан кейін жолсерік:
Қажет болған жағдайда жолсерік қол жүгін, багажды және үй жануарларын тасымалдау қағидаларын түсіндіруге міндетті.
Вагонның санитариялық жағдайын қамтамасыз ету
Жолсеріктің негізгі міндеттерінің бірі – вагонның тазалығын сақтау.
Сапар барысында:
Сонымен қатар жолсерік санитариялық жабдықтардың жарамдылығын қадағалайды. Ақау анықталған жағдайда бұл туралы дереу пойыз бастығына және пойыздың электр механигіне хабарлайды.
Жолаушылардың жайлылығын қамтамасыз ету
Жолсеріктің міндеттеріне сондай-ақ:
Вагонның техникалық жағдайын бақылау
Жолсерік тұрақты түрде:
Ақаулар анықталған жағдайда жолсерік белгіленген тәртіпке сәйкес қажетті шараларды қабылдап, бұл туралы пойыз бастығына және пойыздың электр механигіне дереу хабарлауға міндетті.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Сапар барысында жолсерік жолаушылардың тасымалдау қағидаларын сақтауын бақылайды.
Ол жолаушыларға:
Төтенше жағдайлар туындаған кезде жолсерік бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес жолаушыларды уақтылы хабардар етеді және тиісті даярлығы болған жағдайда жедел қызметтер келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Пойыз межелі станцияға жақындағанда
Пойыз межелі станцияға келер алдында жолсерік:
Бүгінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ жүйесінде 5 мыңнан астам жолаушылар вагонының жолсерігі еңбек етеді. Бір ғана рейс барысында жолсерік техникалық жабдықтардың жай-күйін бақылаудан бастап вагонның санитариялық тазалығын қамтамасыз етуге, жолаушыларға қызмет көрсетуге және олардың қауіпсіздігін сақтауға дейін ондаған түрлі міндетті орындайды. Сондықтан бұл мамандық жоғары жауапкершілікті, ұқыптылықты, күйзеліске төзімділікті және кез келген жағдайға жедел әрекет ету қабілетін талап етеді.
Жолсеріктің басты міндеті – әрбір жолаушының сапарын қауіпсіз, жайлы әрі қызмет көрсету сапасының белгіленген стандарттарына сай ұйымдастыру.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі