Павлодарлық теміржолшылар балалар спорт клубында профилактикалық акция өткізді

Жаңалықтар

Павлодарлық теміржолшылар балалар спорт клубында профилактикалық акция өткізді

 




24-08-2026

Павлодар локомотив пайдалану депосының қызметкерлері жекпе-жек және аралас жекпе-жек өнері клубының (MMA) тәрбиеленушілерімен профилактикалық кездесу өткізді. Іс-шара бүкіл ел бойынша өткізілетін «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ҚТЖ-ның «Қауіпсіз темір жол» акциясы аясында өтті. 

Теміржолшылар балаларға теміржол нысандары жанында қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді. Белгіленбеген жерлерде жолдарда болуға, тыйым салынған жерде теміржолды кесіп өтуге, сондай-ақ рельстерге жақын жерлерде ойындар мен серуендеуге тыйым салуға ерекше назар аударылды.

Балаларға қозғалыстағы пойызды бірден тоқтату мүмкін еместігі және теміржолдағы кез-келген абайсыз әрекет ауыр зардаптарға әкелетіндігі түсіндірілді.

Кездесу соңында жас спортшыларға теміржолда қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.

Балалармен профилактикалық кездесулер теміржолшылар жұмысының маңызды бөлігі болып қала береді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың жас кезінен бастап өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға көмектеседі. 

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚТЖ бүкіл ел бойынша «Қауіпсіз өткел» акциясын өткізуде. Теміржолшылар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге темір жолдарды кесіп өту кезінде ережелерді қатаң сақтау керектігін ескертеді.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі