Осы жылдың 10 айында темір жолы 12 млн тоннадан астам астық тасымалдады

Жаңалықтар

Осы жылдың 10 айында темір жолы 12 млн тоннадан астам астық тасымалдады




04-11-2026

2026 жылдың 10 айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша 12,1 млн тонна астық тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 9% артық. Экспорт 11% ұлғайып, 9,5 млн тоннаны, республика бойынша тасымалдау - 2,7 млн тоннаны (+3%) құрады.

Қолайлы ауа райы жағдайларын және дәнді дақылдар өндірісінде озық технологияларды енгізуді ескере отырып, тамыздан қазанға дейін 4 млн тонна биылғы астық (+7%) тасымалданды, оның ішінде экспортқа 3,2 млн тоннасы (+11%) жөнелтілді.

Жыл басынан бері қазақстандық астықтың негізгі нарығы болып отырған Орталық Азия елдеріне 6,2 млн тонна (+27%), оның ішінде Өзбекстанға 4,7 млн тонна (+35%) тасымалданды. Қытайға тасымалдау 65% өсті.

ҚТЖ жүк жөнелтушілермен, вагон операторларымен және іргелес темір жолдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, астық тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жалғастырады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі