«Нұрлы жол» вокзалында конституциялық реформалар мен алдағы референдум талқыланды
04-03-2026
Елордалық «Нұрлы жол» теміржол вокзал кешенінде Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелеріне және алдағы жалпыұлттық референдумның маңыздылығына арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, құқық саласындағы сарапшылар: Марат Советұлы Башимов – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты; Зейнулқабден Табиғат Қабденұлы – Астана қаласы мәслихатының төрағасы; Владислав Алексеевич Сергеев – Астана қаласы мәслихатының депутаты; Ермек Баяхметұлы Әбдірасұлов – заң ғылымдарының докторы,Л.Н. Гумилева атындағв ЕҰУ профессоры қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты конституциялық құндылықтарды насихаттау және азаматтарға референдумға қатысудың құқықтық тетіктерін түсіндіру болды. Спикерлер жоспарланған өзгерістер саяси жүйені одан әрі демократияландыруға және адам құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға бағытталғанына назар аударды.
Мәжіліс депутаты Марат Башимов азаматтардың референдум арқылы шешім қабылдауға тікелей қатысуы халық билігінің ең жоғары көрінісі екенін атап өтті. Профессор Ермек Әбдірасұлов түзетулердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін атап өтіп, оларға толық құқықтық түсініктеме берді.
Астана мәслихатының өкілдері – Табиғат Зейнулқабден мен Владислав Сергеев өз сөздерінде елорда тұрғындарының азаматтық белсенділігінің маңыздылығына баса назар аударды. Көлік инфрақұрылымы объектісіндегі кездесу форматы вокзал қызметкерлері мен жолаушыларды қоса алғанда, кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік берді.
Кездесуге қатысушылар дауыс берудің рәсімдік сәттері мен ұсынылған реформалардың құқықтық салдарына қатысты сұрақтарға жауап ала алды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі