Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Мультимодальды маршрут бойынша 150 000 тонна болат құбыр: ҚТЖ-ның жаңа логистикалық жобасы




22-09-2026

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Кедентранссервис» АҚ Қытайдан 150 мың тоннадан астам болат құбырларды мультимодальды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ауқымды логистикалық жобаны іске асыруда.

Тасымалдау екі бағыт: Қазақстанға импорттық жеткізу және Түркіменстанға транзиттік тасымалдау бойынша жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында жоспарланған тасымалдау көлемі 163 мың тонна болат құбырды құрайды.  

Осы тасымалдарды ұйымдастыру тиеу мен бекітудің арнайы технологияларын дәл сақтауды, теміржол және автомобиль көлігін нақты үйлестіруді талап етеді. Кедентранссервис құзыреті, сондай-ақ Қазақстанның көлік холдингі (еншілес компания) базасында өз автопаркінің болуы икемді мультимодальды шешімдерді қалыптастыруға және соңғы межелі пунктке дейін логистиканың кешенді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзінің көліктік және терминалдық мүмкіндіктерін дамыта отырып, компания мультимодальды тасымалдау географиясын кеңейту арқылы халықаралық логистикалық нарықтағы ұстанымын нығайтуды жалғастыруда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі