Маңғыстау станциясында «Қауіпсіз теміржол өткелі» акциясы өтті
Маңғыстау станциясында Маңғыстау локомотив пайдалану депосының қызметкерлері Мұнайлы ауданының жол дистанциясы және полиция қызметкерлері бірлесіп «Қауіпсіз теміржол өткелі» профилактикалық акциясын өткізді.
Іс-шара «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан «Қауіпсіз темір жол өткелі» республикалық акциясы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» жалпыұлттық тұжырымдамасы аясында өтті.
Акция барысында автокөлік құралдары жүргізушілерімен теміржол өткелінде теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде Жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын еске салып, ақпараттық жадынамалар мен тақырыптық парақшалар таратылды.
Осыған ұқсас профилактикалық іс-шаралар Қазақстанның барлық өңірлерінде өтуде. Олардың мақсаты – теміржол өткелдеріндегі жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыру және пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі