Магистральдық желі дирекциясы экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда
08-01-2026
Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ҚТЖ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы қызметкерлер мен тұрғындар арасында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған экологиялық жауапкершілік пен ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын енгізуді жалғастыруда.
2025 жылы өтеулі негізде қайта өңдеуге 41,7 мың кг астам қалдықтар берілді, оның ішінде:
Дирекцияның барлық филиалдарында 40 мыңнан астам қызметкердің қатысуымен 604 сенбілік өткізілді. Жиналған аумақ ауданы 238 мың м2-ден асты, 316 тоннадан астам қоқыс жиналды.
Сонымен қатар, бір жыл ішінде Дирекцияның желілік кәсіпорындарында 257 экологиялық акция жүзеге асырылды, оның ішінде:
«Қағазсыз күн», «Автосыз күн», «Пластиксіз күн», «Полиэтиленсіз күн», «Дүниежүзілік қоршаған орта күні», «Жасыл апта», «Жер Сағаты», «Ең экологиялық отбасы», «Батареяны тапсырыңыз – кірпі өмірін сақтап қалыңыз», «Макулатураны тапсырыңыз – ағашты сақтаңыз», «Жасыл кеңсе» және «Суды үнемде».
ҚТЖ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы теміржол саласында экологиялық жауапкершілікті және ресурстарды тұрақты пайдалануды арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі