Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды




26-06-2026

Ақтау портына Ляньюньган қаласының мэрі Чжоу Цзинь мырза бастаған Қытай Халық Республикасының делегациясы келді. Делегация құрамына Ляньюньган портының басшылығы мен қалалық әкімшілік өкілдері кірді.

Сапар барысында делегация назарына Ақтау портының қызметі, негізгі өндірістік көрсеткіштер, стратегиялық даму бағыттары және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар туралы ақпарат ұсынылды.

Делегация объектіге барып, жобаның бірінші кезегін іске асыру нәтижелерімен, сондай-ақ Каспий бағытындағы контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту перспективаларымен танысты.

Тараптар көлік-логистикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және бүгінгі таңда еуразиялық сауданың негізгі бағыттарының бірі болып табылатын Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылады.

 

Анықтама: Ақтау портындағы контейнерлік хаб жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның көпжылдық стратегиялық серіктесі - Ляньюньган портының үлестік қатысуымен іске асырылуда. Жобаны іске асыру Каспийдегі заманауи көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңызды кезеңі болып табылады және ТХКБ-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі