Ұлттық тасымалдаушының пойызында жас бишілер байқаудағы жеңісін ерекше атап өтті
05-05-2026
«Алматы – Атырау» бағытындағы №41 жолаушылар пойызында 80 биші қыз байқаудағы жеңістерін ерекше көңіл-күймен атап өтті. Олар Түркістан қаласында өткен би додасынан бас жүлдені иеленіп, елге оралып жатқан.
Жол үстінде жас өнерпаздар шағын мерекелік көрініс ұйымдастырып, мойындарындағы медальдардың сыңғырымен әсерлі бейнебаян түсірген. Олардың қуанышына куә болған жолаушылар қыздарды жылы лебізбен құттықтап, вагон ішінде қол соғып қолдау көрсеткен.
Аталған биші қыздар Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласындағы «Триумф» би ұжымының тәрбиеленушілері.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі