Ұлттық тасымалдаушының әйелдерге арналған вагондарымен 856 мыңға жуық жолаушы сапарлады
08-04-2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында әйелдерге арналған вагондар қызметі енгізілген сәттен бастап 856 мыңға жуық жолаушы пайдаланған. Бұл қызмет бүгінде жоғары сұранысқа ие. Егер 2025 жылы 260 мыңнан астам әйел жолаушы билет рәсімдеген болса, 2026 жылдың басында бұл көрсеткіш бірден 65 мыңға дейін көтерілді.
Қазіргі таңда әйелдер вагондары 12 негізгі бағытта қатынайды:
Бұл вагондардың басты ерекшелігі – жолаушыларға жайлы орта қалыптастыру. Аталған вагондарға билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады. Сонымен қатар, бұл вагондарда әйел жолсеріктер ғана қызмет көрсетеді. Жеті жасқа дейінгі ұл балалардың жолаушымен бірге жүруіне рұқсат етілген.
Әйелдер вагонына билет вокзал кассаларында немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн түрде рәсімделеді. Жолаушылар билеттерді пойыз жөнелтілгенге дейін 45 күн бұрын сатып ала алады. Билетті онлайн рәсімдеген кезде «әйелдерге арналған» белгісі бар орындарды таңдау, ал кассадан алған жағдайда әйелдер вагоны қажет екенін кассирге алдын ала ескерту жеткілікті.
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі