Ұлттық тасымалдаушы жоғалған отырғызу талонын қалай қайта алуға болатынын еске салады
19-06-2026
Іссапардан немесе сапардан кейін есеп беру үшін қажет болатын отырғызу талонын жоғалтып алатын жолаушылар жиі кездеседі. Алайда мұндай жағдайда алаңдаудың қажеті жоқ — құжатты бірнеше минут ішінде қайта алуға болады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ отырғызу талонының көшірмесін алу үшін bilet.railways.kz сайтында арнайы онлайн қызмет қолжетімді екенін еске салады.
Отырғызу талонын қайта алу үшін:
Алынған құжатты мобильді құрылғыға сақтауға, электрондық поштаға жіберуге немесе қағазға басып шығаруға болады.
Сонымен қатар отырғызу талонын жол жүру кезінде жолсеріктен алуға немесе теміржол билет кассаларында қайта рәсімдеуге болады. Ол үшін электронды билет нөмірін, пойыздың жөнелтілген күнін және отырғызу станциясын көрсету қажет.
Отырғызу талоны тек сапар аяқталғаннан кейін ғана қалыптастырылады. Егер жолаушы билет сатып алғанымен, пойызбен жол жүрмеген болса, пайдаланылмаған билет бойынша отырғызу талоны берілмейді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі