Ұлттық тасымалдаушы жазғы маусымға үш қосымша қала маңы пойызын тағайындады
29-05-2026
Жазғы маусымда жолаушылар сұранысының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы «Қарағанды – Балқаш», «Семей – Достық» және «Өскемен – Достық» бағыттары бойынша қосымша қала маңы пойыздарын тағайындайды.
Бұл бағыттар өңірлер арасындағы көлік қолжетімділігін арттыруға және жаз мезгілінде жолаушыларды тасымалдауды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
1. №220/219 «Қарағанды – Балқаш» пойызы
Пойыз 2026 жылдың 1 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Жол бойында 19 аялдама қарастырылған.
Қозғалыс кестесі:
Пойыз құрамында 6 вагон бар: 2 купе және 4 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 300 орын.
2. №457/458 «Семей – Достық» пойызы
Пойыз 2026 жылдың 3 маусымынан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.
Қозғалыс кестесі:
Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.
3. №459/460 «Өскемен – Достық» пойызы
Пойыз 2026 жылғы 3 маусымнан бастап күн ара қатынайды. Пойыздың жүру бағыты бойынша 22 аралық станцияда тоқтауы көзделген.
Қозғалыс кестесі:
Пойыз құрамында 7 вагон бар: 2 купе және 5 плацкарт вагон. Жалпы сыйымдылығы — шамамен 354 орын.
Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассалары және мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан білуге болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі