Ұлттық тасымалдаушы жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр
09-06-2026
Жазғы демалыс маусымында ұлттық тасымалдаушы Бурабай курорты бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Табиғаты көркем өңір жыл сайын ішкі туризмнің ең сұранысқа ие бағыттарының бірі ретінде мыңдаған демалушыны қабылдайды.
Жолаушылардың қатынауын қамтамасыз ету мақсатында Бурабай курорты станциясында түрлі санаттағы 10 жолаушылар пойызы аялдайды. Олар курорттық аймақты еліміздің ірі қалаларымен және өңірлерімен байланыстырады.
Бурабай бағыты бойынша келесі пойыздар қатынайды:
Жолаушылар пойыздарына билеттер сатылымы пойыз жөнелтілетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады және жөнелтуге 10 минут қалғанда тоқтатылады. Ал қала маңындағы пойыздарға билеттер 10 тәулік бұрын сатылымға шығып, пойыз жөнелгенге дейінгі соңғы 10 минутқа дейін қолжетімді болады.
Билеттер ресми bilet.railways.kz сайтында, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында, сондай-ақ, билеттерді сатудың мобильді сервистері арқылы қол жетімді.
Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы білуге болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі