Ұлттық тасымалдаушы қысқы мерекелер кезеңінде қосымша үш пойыз тағайындайды
25-11-2026
Желтоқсан айындағы мерекелік күндері жолаушылар ағынының артуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы стандартты вагондардан жасақталған үш қосымша пойызды іске қосады. Бұл қосымша пойыздар сұраныс жоғары бағыттар бойынша жолаушылар тасымалының көлемін ұлғайтып, теміржол қатынасының қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша қатынайды:
Пойыздар купе және плацкарт санатындағы стандартты вагондардан жасақталады.
Билеттерді https://bilet.railways.kz/ ресми сайты арқылы сатып алуға болады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді сатып алуға кеңес береді. Себебі мереке күндері пойыз билеттеріне сұраныс әдеттегіден жоғары болады.
Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі