Ұлттық тасымалдаушы тас жолдардың жабылуына байланысты жолаушыларды тасымалдау үшін пойыздар тағайындады
10-02-2026
Қолайсыз ауа райына байланысты тас жолдарда уақытша қозғалыс шектеулері енгізілуіне орай, Ұлттық тасымалдаушы өңірлер арасындағы көлік қатынасының үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушыларды тасымалдау үшін үш жолаушылар пойызын тағайындады.
Жолаушыларды тасымалдауға төмендегі пойыздар қатынайды:
Қолайсыз ауа райы жағдайында теміржол көлігі ең сенімді әрі қауіпсіз қатынас түрлерінің бірі болып қала береді. Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдап, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайларын ескеруге шақырады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі