Ұлттық тасымалдаушы танымал бағыттардағы «Тальго» пойыздарына жеңілдіктер енгізді
29-01-2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктердің іске қосылғанын хабарлайды. Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.
Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:
№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы
№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы
№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы
Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі