Ұлттық тасымалдаушы Шу – Отар бағыты бойынша электрпойызын іске қосады
18-02-2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2026 жылғы 19 ақпаннан бастап №6946/6945 Шу – Отар қала маңы бағыты бойынша электрпойызын іске қосады. Бұл шешім тасымалдау көлемін айтарлықтай ұлғайтып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы мен жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұған дейін аталған бағытта бір жолаушылар вагоны ғана қатынаған. Енді бұл бағытта төрт вагоннан тұратын электрпойызы пайдалануға беріледі. Пойыздың жалпы сыйымдылығы 300-ден астам жолаушыны құрайды.
Электрпойыз күн сайын қатынайды:
Жолаушылар үшін жайлылық деңгейі бойынша үш қызмет көрсету санаты қарастырылған:
Билеттерді комиссиясыз bilet.railways.kz ресми сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпарат 1433 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Пойыз қозғалысы туралы мәліметтерді tablo-railways.kz сайтындағы онлайн-таблодан көруге болады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі