Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды
31-05-2026
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушы балаларды тасымалдау жайын қорытындылады. Жыл басынан бері Ұлттық тасымалдаушы пойыздарымен 500 мыңнан астам бала тасымалданды.
Ең танымал бағыттар Астана – Алматы, Астана – Шымкент, Алматы – Шымкент, Астана – Семей және Алматы – Семей бағыттары болды.
Пойыздарда кәмелетке толмаған жолаушыларды тасымалдау ережелері қолданылады:
Сонымен қатар, барлық маршруттарда балалар контенті бар мультимедиялық қызметтер жұмыс істейді, ал мейрамхана вагондарында бейімделген мәзірлер ұсынылады.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ қызмет көрсету сапасын жетілдіруді жалғастыруда және ең жас жолаушыларға арналған қызметтер тізбесін кеңейтуде.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі