Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Ұлттық тасымалдаушы барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады




01-10-2026

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылар пойыздарының билеттеріне жеңілдік енгізілетінін хабарлайды. 2026 жылғы 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жол жүру құны 10%-ға төмендетіледі.

Жеңілдік Ұлттық тасымалдаушы пойыздарындағы барлық вагон түрлеріне, сондай-ақ, қала маңындағы пойыздарға қолданылады. Осылайша, жолаушылар күзгі-қысқы кезеңде сапарға шығу үшін билеттерді төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Билеттер bilet.railways.kz ресми сайтында және теміржол вокзалдарының билет кассаларында қолжетімді.

Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы, сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Instagram желісіндегі @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан алуға болады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі