Көкшетау – Жамантұз аралығында пойыз машинисі автокөлікпен соқтығысудың алдын алды
28-08-2026
27-тамызда сағат 17:44-те Көкшетау-Жамантұз аралығындағы теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі жеңіл автомобильдің темір жолға шығып кетуіне байланысты 60 км/сағ жылдамдықпен шұғыл тежеуді қолданды.
Локомотив бригадасының кәсіби іс-қимылының арқасында соқтығысудың алды алынды. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті.
Болған оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүргізушілерді темір жол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, мұқият болуға және әрқашан пойызға жол беруге шақырады. Пойызды бірден тоқтату мүмкін емес екенін және соқтығысудың салдары қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі