Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды 




30-05-2026

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілік-тұрмыстық кешенді және локомотив бригадаларының демалыс үйін қамтитын айналым локомотив депосы ғимаратына күрделі жөндеу аяқталды. 
 
Депо ғимараты 1993 жылы салынған, соңғы күрделі жөндеу 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Ғимараттың ауданы шамамен 4,3 мың шаршы метрді құрайды. 
 
Жөндеу барысында: 

  • іргетасының блоктары күшейтілді; 
  • шатыры толығымен жаңартылды; 
  • ғимараттың қасбеті жөнделді; 
  • инженерлік желілері мен 
  • электр байланыстары ауыстырылды; 
  • цехтардың технологиялық жабдықтары жаңартылды; 
  • доңғалақ жұптарын қайрау үшін КЖ-20 станогы орнатылды;  
  • локомотивтерге техникалық қызмет көрсету үшін байқау жырасы жөнделді. 
     

Сондай-ақ, әкімшілік-тұрмыстық корпустың және локомотив бригадалары демалыс үйлерінің үй-жайлары жаңартылды, жаңа жиһаз сатып алынды. 
 
Жүргізілген жөндеу локомотивтерге техникалық қызмет көрсетудің сенімділігін арттыруға және локомотив бригадаларының еңбек пен  демалыс жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі