Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

KAZLOGISTICS 2025 жылғы қызметін қорытындылады және алдағы кезеңге арналған міндеттерді анықтап алды




19-02-2026

Астанада «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының төрағасы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың төрағалығымен жыл сайынғы «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының съезі өтті. 


Іс-шараға Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров, «Атамекен» ҰКП өкілдері және салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты. Қатысушылар 2025 жылдың қорытындысын шығарып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мен бюджетті бекітті, сондай-ақ инфрақұрылымды жаңғырту, мультимодальды тасымалдауды дамыту және саланы цифрландыру жөніндегі шараларды талқылады. Мемлекет басшысының елдің транзиттік әлеуетін нығайту және жаһандық бағыттарға интеграциялау жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға ерекше назар аударылды. Сектордың 550 астам кәсіпорнын шоғырландыратын одақ көлік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Қазақстанды Еуразияның негізгі логистикалық хабы ретінде дамыту бағытын растады.


Съезд қорытындысы бойынша қатысушылар көлік саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және Қазақстанның Еуразияның маңызды транзиттік торабы ретіндегі ұстанымын нығайтуға бағытталған стратегиялық бағытты растады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі