Еуропалық парламент делегациясы «Құрық порты» ЖШС-де болды
30-10-2026
Маңғыстау облысына сапары аясында Еуропалық парламент делегациясын «Құрық порты» ЖШС директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Бақыткерей Әлібеков қарсы алды.
Кездесу барысында ол қонақтарды кәсіпорын қызметімен, оның өндірістік мүмкіндіктерімен, инфрақұрылымымен және логистикалық әлеуетімен таныстырды.
Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамытудағы Құрық портының рөліне, сондай-ақ халықаралық көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту перспективаларына ерекше назар аударылды.
Сапар порттың әлеуетін және оның Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланыстарын дамытудағы маңыздылығын көрсетуге мүмкіндік болды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі