Елордада ҚТЖ мен ТЖЫҰ стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуда
20-04-2026
Бүгін Қазақстан астанасында ТЖЫҰ темір жолдары бас директорлар конференциясының XL мерейтойлық отырысы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Талғат Алдыбергенов ТЖЫҰ Комитетінің Төрағасы Мирослав Антоновичпен кездесті.
Тараптар бірлескен логистикалық шешімдерге, келісілген көлік саясатын қалыптастыруға және халықаралық көлік құқығын жетілдіруге баса назар аудара отырып, Еуропа – Азия бағытындағы халықаралық теміржол тасымалдарын дамыту мен жетілдіруді қоса алғанда, ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын растады.
Ғылыми-техникалық өзара іс-қимылды дамытуға және заманауи технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, халықаралық ұйымдармен үйлестіру мен саланың экономикалық, ақпараттық және экологиялық аспектілері бойынша ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тасымалдауды жеделдетуге және еуразиялық логистиканың негізгі буыны ретіндегі теміржолдардың рөлін нығайтуға бағытталған одан әрі өзара іс-қимылдың жол картасы белгіленді.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі