Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны ҚТЖ-ның үздік жөндеу шаруашылығы деп танылды
27-11-2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Бурабай курорты рельс дәнекерлеу кәсіпорны» филиалы 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік жөндеу шаруашылығы» болып танылды.
Кәсіпорында 359 адам жұмыс істейді. Ұжым рельстерді дәнекерлеуді, жол машиналары мен механизмдерін пайдалану мен жөндеуді, сондай-ақ рельсті дәнекерлеу өндірісін технологиялық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын қызметкерлері өнертапқыштық ұсыныстарды белсенді енгізуде. Соның бірі – К-1000 стационарлық рельсті дәнекерлеу машиналары үшін икемді мыс ток өткізгіштерін жаңарту. Әзірлеме істен шыққан ток өткізгіштерді қалпына келтіруге және 1,6 млн теңгеден астам экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Жоба авторлары – шебер-энергетик Александр Кунников, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Владимир Серый және бас механик Бауыржан Эргашов. 2026 жылы олардың әзірлемесі «Рационализатордық – техникалық дамудың негізі» рационализаторлар конференциясының «Үздік техникалық шешім» байқауында екінші орын алды.
Жас мамандардың үлесі салалық деңгейде де атап өтілді. «Үздік жас маман» номинациясында шебер-энергетик Александр Кунников марапатталды.
Рационализаторлық жұмыс кәсіпорынға жабдықтың сенімділігін арттыруға, қол еңбегін азайтуға және өндіріс шығындарын кемітуге көмектеседі.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі