Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол бағыттарымен 99 мыңнан астам жолаушы қатынады
27-05-2026
Биыл Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол бағыттарымен 99 мыңнан астам жолаушы сапарға шықты. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл бағыттағы жалпы жолаушылар ағыны шамамен 300 мың адамға жеткен.
Бүгінде екі ел арасында ірі қалаларды байланыстыратын 8 халықаралық жолаушылар бағыты қатынайды.
Қолданыстағы бағыттар:
Жолаушылар арасында Астана — Омбы, Алматы — Новосібір, Алматы — Қазан және Қарағанды — Мәскеу бағыттарына сұраныс жоғары.
Бірқатар халықаралық бағытта отандық RWS Wagon зауытында шығарылған жаңа вагондар пайдалануға берілді. Бұл жолаушыларға жайлы жағдай жасауға, қызмет көрсету сапасын арттыруға және алыс бағыттардағы сапарды қолайлы етуге мүмкіндік берді.
Жаңа жолаушылар вагондары кондиционер жүйелерімен, биодәретханалармен, заманауи жатын орындармен, USB қосқыштарымен, жақсартылған дыбыс оқшаулау жүйесімен, бейнебақылау камераларымен, сондай-ақ, ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға арналған купелермен жабдықталған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі