«Бақты – Аягөз» темір жолының құрылысы:

Жаңалықтар

«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес іске асуда




13-11-2026

Негізгі жолдар бойынша ұзындығы 303 км «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысы жұмыс жүргізу кестесіне сәйкес іске асуда. 39,5 млн м3 жер төсемін толтыру бойынша 36,8 млн м3, яғни 93% орындалды. Негізгі қалдық шекара маңы мен Бақты станциясы аймағы. Қазіргі уақытта жер төсемінің жоғарғы қабатын тегістеу және жолдың жоғарғы құрылымын төсеу үшін топырақты тығыздау сапасын талдау жүргізілуде.

Сонымен қатар, жасанды құрылыстар салу жұмыстары жүргізілуде. 267 су өткізу құбырының 245 бірлігі аяқталып, тағы 15-імен жұмыс жалғасуда. 19 мал айдау орынының 12-сі дайын. 47 көпірдің 43-інде жұмыс атқарылып жатыр. Көпірлерге арналған арқалықтар өндіру пен логистика мерзімдерін қысқарту мақсатында тікелей құрылыс алаңдарында жасалуда. Бұл ретте ҚНЖЕ сәйкес қажетті сертификаттау және сапаны бақылау жүргізіледі. 

Жолдың жоғарғы құрылымының материалдары отандық өндірушілерден сатып алынуда. Рельстері Ақтөбе рельс арқалық зауытынан, шпалдары мен бекіткіштері RWS Bindind ЖШС, INNOTRACK ЖШС, FASTENNERS 2METALL (БЕНТ) ЖШС, Магнетик ЖШС отандық өндірушілерінен, ал бағыттамалық бұрмалары «Проммашкомплект» ЖШС-нен сатып алынады. Аягөз станциясы аймағында материалдарды қабылдау және тарату ұйымдастырылған. 

«ҚТЖ» ҰК» желіге қызмет көрсету үшін қосымша 870 маман анықтап бекітті. Жоба бойынша барлығы 1300 жуық жаңа жұмыс орыны ашылады.

«Бақты – Аягөз» Қытаймен үшінші теміржол өткелін (Бақты – Бохту) ашады. Бұл:

  • өз мүмкіндіктері шегінде жұмыс істеп тұрған Достық пен Алтынкөл шекаралық өткелі жүктемесін түсіреді. 
  • Абай облысының экономикалық дамуын арттыруға мүмкіндік береді.
     

Қазақстан аумағында құрылысты аяқтау 2027 жылдың соңына жоспарланған.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі