Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді
17-08-2026
Бурабай кентіндегі «Лесная сказка» балаларды сауықтыру лагерінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын және ҚТЖ-ның «Қауіпсіз темір жол» акциясын іске асыру шеңберінде қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін арттыруға және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған профилактикалық бейнероликтер көрсетілімі ұйымдастырылды.
Іс-шараға 100 жуық бала, оның ішінде теміржолшылар отбасыларының балалары қатысты. Бейнероликтер балаларға теміржол инфрақұрылымы объектілері маңындағы тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін қаперге салды.
Осындай профилактикалық іс-шара Алматыдағы емдеу-сауықтыру кешенінде де өтті. Оған 150 бала қатысты.
Мұндай акцияларды өткізу балалардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және теміржолда жарақат алу жағдайларының алдын алуға бағытталған.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі