«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады

Жаңалықтар

«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады




17-07-2026

«Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін жаңарту және дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. Компания жаңа жылжымалы құрам сатып алуға және қолданыстағы вагондардың техникалық дайындығын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлуде.

Жаңарту бағдарламасы аясында 2023–2025 жылдары «Қазтеміртранс» АҚ «Қазақстан вагон жасау компаниясы» ЖШС шығарған 3 мың ашық вагон сатып алды. Жаңа жылжымалы құрам әлеуметтік маңызы бар жүктерді – көмір мен астықты тасымалдауда пайдаланылып, ел экономикасын көлікпен қамтамасыз ету тұрақтылығын арттыруға ықпал етуде.

Даму жоспарына сәйкес, 2027–2031 жылдары аралығында «Қазтеміртранс» АҚ 13 мың жүк вагонын сатып алуды жоспарлап отыр, оның ішінде 10 мың ашық вагон, 2,1 мың жабық  және 900 астық тасымалдауға арналған вагон бар.

Қазіргі уақытта «Қазтеміртранс» АҚ паркінде 39,5 мыңнан астам жүк вагоны бар.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі