Қазақстан және Тәжікстан: темір жол ынтымақтастығын дамыту
14-10-2026
Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Е.Отыншиевтің «Рохи охани Точикистон» МУК Басшысы К. Мирзоалимен жұмыс кездесуі өтіп, оның барысында тараптар темір жол көлігі саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Тәжікстан теміржол әкімшіліктерінің басшылары өзара жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға, оңтайлы логистикалық жағдайлар жасауға және екі елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ерекше назар аудара отырып, өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі мен перспективалық бағыттарын қарастырды. Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар әріптестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және бірлескен бастамаларды тиімді іске асыруға дайын екендіктерін растады.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі