«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ («ҚТЖ» ҰК» АҚ) «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы мен «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын ұстау туралы 2026 жылғы 12 қарашадағы жария хабарламаны сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде назарға алады.

Жаңалықтар

14-11-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде қажетті өзара іс-қимылды және сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсынуды қамтамасыз ете отырып, құқық қорғау органдарына жан-жақты жәрдем көрсетеді.

Осы хабарламаны дайындау кезінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ жария түрде айтылғаннан басқа, осы мәселе бойынша ақпаратқа ие емес. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілуге жатпайды. Осыған байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ осы кезеңде қосымша түсініктемелер бере алмайды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобы өз қызметін штаттық режимде жүзеге асыруды жалғастыруда және «ҚТЖ» ҰК» АҚ инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары мен  іскерлік әріптестер алдындағы барлық міндеттемелердің өз күшін сақтап қалатынын және қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалатынын растайды.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі