Қазақстан темiр жолы

Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды




15-07-2026

«Қазақстан – Қытай: көлік-логистикалық ынтымақтастық және электрондық коммерция – жаңа технологиялар, жаңа мүмкіндіктер» атты бизнес-форум аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қытайлық серіктестерімен ІТ-инфрақұрылым, порттық және терминалдық логистика, кеме жасау, көлік үдерістерін цифрландыру және халықаралық көлік дәліздерін дамыту салаларындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды.

Қол қойылған құжаттардың жалпы сомасы шамамен 400 млн АҚШ долларын құрайды. Келісімшарттардың бір бөлігі юань және теңге валютасында жасалды.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ China Harbour Engineering Company Ltd, Sichuan Port and Shipping Investment Group Co., Ltd., COSCO Shipping Container Lines Co., Ltd., Global DTC Kazakhstan Ltd., NIZE Intelligent Technology Co., Ltd., China Railway Container Transport Co., Ltd., «Ляньюньган порты компаниялар тобы» ЖШҚ, Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd., сондай-ақ «Huawei Technologies Kazakhstan» ЖШС-мен құжаттарға қол қойды.

Қол қойылған құжаттар «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның қытайлық серіктестерімен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі