«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті

Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған іс-шара өтті




28-04-2026

Іс-шара аясында өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және еңбек мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлер атап өтілді.

Салтанатты шараны сөз сөйлеп ашқан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Әділбай Семенов қауіпсіздік талаптарын сақтауда әрбір қызметкердің жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті.
«Бүгін берілген әрбір марапат – кәсіпқойлық пен жауапкершілікті мойындау. Қауіпсіздік – бірлескен күш-жігер мен күнделікті тәртіптің нәтижесі. Тек қызметкерлерді жұмылдыра алуымыз арқылы ғана біз алға жылжып, нәтижеге қол жеткізе аламыз», — деді ол.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдарды негізгі мақсатқа – жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға біріктіретіні атап өтілді. Халықаралық еңбек ұйымы 2003 жылы бұл күнді ресми түрде белгілеп, оған жаһандық мәртебе берді.

Қызметі жоғары өндірістік тәуекелдермен байланысты «ҚТЖ» ҰК» АҚ үшін еңбекті қорғау мәселелері өзгермейтін құндылық болып табылады.

Рәсім барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен келесі қызметкерлер марапатталды:

  • Роза Айнабекова, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Департаментінің менеджері – ЖҚҚ бойынша оқыту бағдарламаларын дамытуға және процестерді цифрландыруға қосқан үлесі үшін;
     
  • Амангелді Мақсымбердиев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалының еңбекті қорғау және экология қызметінің бастығы – өндірістік тәртіп пен қауіпсіздікті нығайту бойынша жүйелі жұмысы үшін;
     
  • Мұрад Ноғаев, «Ақтау халықаралық сауда порты» ҰК» АҚ  ТТК технология тобының шебері – кәсіподақ қозғалысы мен еңбек қауіпсіздігін дамытуға қосқан үлесі және кәсібилігі үшін;
     
  • Данияр Өміртаев, «Кедентранссервис» АҚ Достық ст. еңбек қорғау қызметінің бастығы – қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін;  
     
  • Асхат Нығметов, «Қазтеміртранс» АҚ Техникалық саясат департаментінің еңбекті қорғау жөніндегі бас менеджері –кәсіпқойлықтың жоғары деңгейі және қауіпсіздік мәдениетін дамытқаны үшін;
     
  • Әділжан Нұржанұлы, «Теміржолсу – Алматы» ЖШС еңбекті қорғау жөніндегі жетекші инженері – қауіпсіздік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін;
     
  • Ирина Дружинина, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңындағы тасымалдар» қауіпсіздік және экология жөніндегі менеджері – қауіпсіздік мәдениетін дамытқаны және тәлімгерлігі үшін;
     
  • Мөлдір Ерназарова, «Вагонсервис» АҚ Қызылорда учаскесінің еңбекті қорғау жөніндегі инженері — қауіпсіздік мәселелеріндегі белсенді ұстанымы үшін;
     
  • Виктор Пономарев, «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жол диагностикасы орталығы» филиалының мобильді диагностикалық зертханасының бастығы – көп жылғы адал еңбегі және теміржол инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі