«Қазақстан темір жолы» филиалында конституциялық реформа мен алдағы референдум талқыланды

Жаңалықтар

«Қазақстан темір жолы» филиалында конституциялық реформа мен алдағы референдум талқыланды




27-02-2026

«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалында Конституцияға енгізілген түзетулер мен алдағы жалпыұлттық референдумның маңыздылығын түсіндіруге арналған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айгүл Құспан және Олжас Құспековпен кездесу өтті. Іс-шараға «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалының директоры Мұрат Мусин және болат магистралінің қызметкерлері қатысты. 

 Айгүл Құспан өз сөзінде Конституциялық қайта құрулардың халықаралық маңыздылығын егжей-тегжейлі айтып, жаңартылған Негізгі заң адам құқықтарын қорғау мен қоғамның демократиялық дамуының іргетасы болатынын атап өтті. 

Олжас Құспеков өз кезегінде мемлекеттік басқару жүйесін нығайту тетіктерін түсіндірді. Теміржолшылар жоғары белсенділік танытып, алдағы референдум – әрбір қызметкердің саналы түрде қатысуын талап ететін «Әділ Қазақстан» құрылысындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі