Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
22-05-2025
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Талғат Алдыбергенов«Узбекистон темир йуллари» АҚ Басқарма Төрағасы Зуфар Нарзуллаевпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар:
• қазақстандық Ақтау және Құрық порттары бағытында тасымалдарды дамыту;
• екі елдің теміржол инфрақұрылымын синхронды дамыту мәселелерін талқылады.
Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол тасымалының көлемі 76% өсті:
• 2015 жылы 19 млн тоннадан;
• 2025 жылы 33 миллион тоннаға дейін.
Өзбекстанға/одан / арқылы транзиттік тасымалдау көлемі ұлғайды:
• 7 млн тоннадан;
• 18 млн тоннаға дейін.
2026 жылдың 4 айында елдер арасындағы тасымалдардың жалпы көлемі 13 млн тоннадан асты, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% өсті.
Жүк ағынын одан әрі арттыру үшін инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылды.
ҚТЖ ағымдағы жылы «Дарбаза – Мақтаарал» стратегиялық жобасын іске асыруды аяқтауда. Тасымалдаудың өткізу қабілеті мен тиімділігін арттыру үшін инфрақұрылымдық жобаларды Өзбекстан тарапымен үндестіру қажеттігі атап өтілді.
ҚТЖ Каспийде порт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асырады:
• Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстары аяқталды;
• Ақтау портындағы осындай жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Сапар аясында Өзбекстанның іскер топтары өкілдерімен көліктік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері бойынша кездесу өтті.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі