Қазақстан мен Қырғызстан жүк тасымалын дамытуда
15-10-2026
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Елжас Отыншиевтің «Кыргыз темир жолу» ҰК» МК басшысы Азамат Сакиевпен жұмыс кездесуі өтті.
Күн тәртібінің негізгі тармағы теміржол жүк тасымалы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен даму перспективаларын талқылау болды. Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың оң динамикасын атап өтіп, теміржол көлігі тұрақты тауар айналымын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті.
Тараптар жүк тасымалын одан әрі дамыту бойынша бірқатар стратегиялық қадамдарды белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды ұзақ мерзімді нығайтуға өзара қызығушылық танытты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі